Текст
2020 жылдың 15 мамыры күні мектеп психологтары мен әлеуметтік педагог көпбалалы және аз қамтылғанотбасыларға, сондай ақ әлеуметтік қауіпті балалар тәрбиеленіп жатқан отбасыларға барып, жағдайларын білді.
Бұл күні оқушылар ата-аналарымен отбасындағы проблемалар туралы, қарым-қатынастары туралы әңгіме жүргізді. Көп балалы 3 отбасына балаларға арналған тәтті сыйлықтар табыс етілді.Сулеймановтар отбасында патронат тәрбиеші Светлана Михайловна бізді дастархан жайып қарсы алып, сұхбат беріп, дөңгелек үстел басында әңгімелесіп, жақсы отырыс болды. Ол кісі өз отбасы туралы, балаларға деген махаббаты туралы, өзара түсіністік туралы, болашақ отбасы өмірі үшін барлық өмірлік дағдыларды тәрбиелеутуралы көптеген қызықты мәліметтермен бөлісті.