«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау"

31.05.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі:

1) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал);

2) көрсетілетін қызметті берушінің.

     «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды ұсынады:

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мынадай құжаттар қажет:

1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне нысанға сәйкес ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген «Профилактикалық егулер картасы» №065/у нысанындағы және «Бала денсаулығы паспорты» №052-2/у нысанындағы медициналық анықтамалар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);

3) баланың 3х4 см.өлшеміндегі сандық фотосуреті.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Қабылдау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

 

https://www.instagram.com/reel/C7nrXbEI0Zu/?igsh=ZzJ4eHFvbng1ZTNl

Просмотров: 11049


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст