Барлық мезгілде кереметсің туған өлке,
Таза ауаң, аспаның көк ,
Құстарда тербеледі еркіндеп,
Балкашин менің елім, жерім!
Сандықтау ауданы – ағаштар мекені, орманды алқап. Ал біздің туған өлке Балкашинді жайлауы кең, көркем табиғаты сұлу жер екеніне көзіміз жетеді. Осы елді мекеннің әдемі көрікті екенін Балкашин #1 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары өз шығармашылықтарымен жеткізуге тырысты. «Алтын күз» тақырыбында фото суреттер, бейнероликтер ұйымдастырылды. Эстетикалық тәрбие бағытында кең орын алады сондықтан да біздің мектепте де орны зор. Бұл сайыс оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ойлау тұғысынан көркем еңбек сүйгіштік өз стилі бар екенін айқындады. Ең үздік жұмыстар облысқа жолданған болатын . Бұл іс – шараны ұйымдастырған жоғарғы қазақ гуманитарлы- кәсіптік колледжі . Бұл мекеме барлық сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.