Оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, құқыққа сай мінез - құлыққа жеке-саналы ұмтылысын дарыту, оқу процесі және сыныптан тыс қызмет жағдайында ұлттық сана-сезімді дамыту, сондай-ақ балаларды олардың құқықтарымен таныстыру. Балаларға қатысты адамдардың жақсы және жаман әрекеттерін ажырата білуге үйрету. Балаларда жағымды мінез қасиеттерін қалыптастыру.
Міндеттері: «зорлық-зомбылық», «қатыгездік» ұғымдарының мағынасын ашу, құрдастар арасында қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне теріс көзқарасты қалыптастыру, оларға қарсы тұру, басқа адамды түсіну және кешіру қабілетін дамыту, адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды тәрбиелеу.
Осы акция аясында «Отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында аудан әкімінің орынбасары Г.Е. Қадырованың ІІБ қызметкерімен, қоғамдық өкілдерімен, мектептердің ата-аналар комитетінің төрағаларымен, директорлардың орынбасарларымен, әлеуметтік педагогтармен, ауыл әкімдерімен және БАҚ өкілдерімен отырыс өткізді. Біздің мектептің мұғалімдері 10-19 қараша аралығында әртүрлі санаттағы отбасыларға барып, қысқы кезеңге дайындық, құқықтық, психологиялық және басқа да көмекті қажет ететін отбасылардағы әл-ауқат жағдайларын анықтау бойынша рейдтер өткізді.
Ата-аналар чаттарына балаларына қарым-қатынастың әдістері мен факторлары туралы жадынамалар жіберілді. Бала құқықтары бойынша, балаларға қатыгез қарау туралы презентациялар, бейнероликтер, мультфильмдер, әңгімелер және т. б. тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді.