Текст
26-шы наурызда мектеп кітапханасында Балалар кітабы апталығының ашылуы өтті. Бастауыш сынып оқушыларының арасында «Ертегі бізде қонақта» атты ойын-саяхат өткізілді. Балалар Кітап патшайымы, Перизат, Буратино, Мыстан кемпір, Қызыл телпекпен кездесті. Аталған кейіпкерлермен ертегі кроссвордын шешіп, авторлы ертегілер қаласына барды, ертегі орманын аралады. Ертегілердің аттарын, кейіпкерлерін, заттарын... тауып айтты. Шара өте қызықты болды, балалар белсенділік танытты.